Имам әт-Термизидің «Әш-Шамайл әл-Мухаммадия» атты еңбегінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сырт келбетін баяндай келе, екі жауырынының ортасында пайғамбарлық мөрі болғаны жайлы айтылады. Пайғамбарлық мөр дегеніміз – көгершіннің жұмыртқасының үлкендігіндей, түсі қызыл, жұмыр денеден өсіп шыққан бір бөлек ет. Бұл мөр Пайғамбарымыздың хақиқи пайғамбар екеніне дәлел.
Бұған ғалымдардың бәрі бірауыздан келіскен. Алайда «Пайғамбарлық мөр Пайғамбарымыз туған уақытта болған ба?», «Әлде кейін пайда болған ба?» деген сұрақтар ға лымдардың арасында тартысты мәселе. Дұрысы ол мөр Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көкірегін жарып, жүрегіндегі қою қанды алып, зәмзәм суына жуылып, қайта салынған уақытта екі жауы рын ортасына басылған. Екі жауырын ортасында деп айтылғанымен мухаққиқ ғалымдар сол жа уырынға жақын жүректің тұсында деген.
Бұл мөр алдыңғы түскен кітаптарда Пайғамбарымыздың (оған Алланың сала уаты мен сәлемі болсын) сипаттары қа тарында айтылған. Әһлі кітап иелерінің ішіндегі білімді адамдар бұл мөрді жақсы білген. Олардың кейбірі осы белгіні көріп, иман келтіріп мұсылман болған. Бұл пай ғамбарлық мөр жайында бірнеше хадис кел ген. Солардың кейбіріне тоқталсақ:
<blockquote><p>Сайб бин Язид (Алла оған разы болсын): «Мені нағашым Пайғамбарымыздың құзырына алып барып, «Уа, Алланың елшісі! Жиенім ауырып жүр», – деді. Сол уақыт та Пайғамбарымыз басымды сипап, маған дұға етті. Кейін дәрет алды. Мен дәреттен қалған суды ішіп, арқа жағына өтіп тұрдым. Сол уақытта екі жауырынының ортасын дағы мөрге көзім түсті. Ол кекіліктің жұмыртқасындай көлемде еді»</p></blockquote> <p>Осы хадистің шархтарында Сайб бин Язидтің (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұғасының арқасын да 94 жыл өмір сүргені әрі белі бүкіреймей дүниеден өт кені айтылады.</p>
<blockquote><p>Жәбир бин Сәмурадан (Алла оған разы болсын) жет кен риуаятта: «Пайғамбарымыздың екі жауырынының ор тасынан көлемі кептердің жұмыртқасындай қызыл түсті мөрді көрдім», – деген.</p></blockquote>
<blockquote><p>Бурайдадан (Алла оған разы болсын) келген риуаятта былай делінеді. «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударғанда Салман Фа риси (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың құзыры на келіп, дастарқанға жаңа піскен құрма жемістерін қояды. Пайғамбарымыз: «Уа, Салман. Бұл не?» – деп сұрады. Сал ман: «Бұл Сізге және сахабаларға садақа», – деді. Пайғам барымыз: «Оны алып кет, Біз садақа жемейміз» , – деді. Ертеңіне тағы құрма алып келіп, Пайғам барымыздың алдына қойды. «Бұл не?» деп сұрағанда, Сізге сыйлық деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз сахабаларына: «Қол созып, құрмадан алыңдар» , – деді. Кейін арқасындағы мөрді көріп, Салман (Алла оған разы болсын) иман келтірді.</p></blockquote>
Бұл Пайғамбарымыздың белгісін Сал манға монах ұстазы айтқан болатын. Ол Хи жаз жақтан бір пайғамбар шығатынын, оның сыйлықты қабыл етіп, садақаны алмайтынын әрі екі жауырынының ортасында мөрі болатынын жеткізген еді. Салман Пайғамбардың садақаны жемегенін көріп, бұл пайғамбарлықтың бірінші белгісі екінін білді. Құрманы сый лық деп алдына қойғанда, құрмадан дәм татқанын көріп, пайғамбарлықтың екінші белгісі екенін білді. Ақырында екі жауырынының ортасындағы мөрді көріп, иман келтірді. Қорыта айтқанда, бұл мөр пайғамбарымыздың ха қиқи пайғамбар екеніне дәлел. Өйткені ол алдыңғы пай ғамбарларға түскен кітаптарда айтылған. Бұл мөр сол жауырынға жақын, жүрек тұсында орналасқан. Көлемі кептердің жұмыртқасындай, көпшілік ғалымдардың ай туынша, түсі терісінің түсіндей болған. Бұл мөр көпшілік ғалымдардың айтуынша, Пайғамбарымыздың көкірегі жа рылып, жүрегіндегі ұйыған қанды яғни шайтанның нәсібі алынған соң, жүрегін раббани хикметпен толтырылып, осы мөр басылған. Алла Тағала білуші!
Медет ҚҰРСАҚОВ,
«Иман» журналы, №9 , 2023 жыл