Намаз уақыты
Ақидаkk

АЛЛА ТАҒАЛА ҚҰРАНДА НЕГЕ «БІЗ ТҮСІРДІК», «БІЗ ЖАРАТТЫҚ» ДЕП КЕЛТІРГЕН?

Shejire Editorial

ЖауапEditorialShejire Editorial

Құран араб тілінде түскен. Ол туралы Алла Тағала Құранда былай дейді:

بِلِسَانٍ عَرَبِيٍّ مُبِينٍ

«Ап-анық араб тілінде» [1] .

Араб тілінің тәсілдерінің бірі егер бір адам өзін ұлықтауды білдіруді қаласа «мен істедім» деген сөзді қолданбай, «біз істедік» деп көпше түрде келтіреді. «әл-Муғжәм әл-уәсит» атты кітапта: «Біз – деген сөз екі немесе көпше түрде қолданылады. Кейде бір адамды ұлықтау мақсатында да пайдаланылады» [2] , – деп келген.

Сондықтан Құранда келген:

إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ

«Ақиқатында Зікірді (Құранды) Біз түсірдік әрі Біз оны (өзгерту, бұрмалаудан) сөзсіз, сақтаушымыз» [3] ,

يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَىٰ وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا ۚ

«Уа, адамдар! Асылында, Біз сендерді ер мен әйелдег жараттық та, бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді халықтар, тайпалар етіп жасадық » [4] , - деген аяттардағы «Біз түсірдік», «Біз жараттық» деген сөздер Алла Тағаланың жалғыз екендігіне ешқандай қайшы емес. Бұл араб тіліндегі ұлықтау мақсатында қолданылған тәсілдерінің бірі.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

  • [1] «Шуғара» сүресі, 195-аят.

  • [2] «әл-Муғжәм әл-уәсит», 907.

  • [3] «Хижр» сүресі, 9-аят.

  • [4] «Хужурат» сүресі, 13-аят.

Мұндағы жауаптарды қолданушылар жазады, олар ресми пәтуа емес. Міндетті үкім қажет болса, өкілетті дін қызметкеріне немесе мүфтиятқа жүгініңіз.

👍 0👎 0💬 0👁 0
Бөлісу:

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ.