Намаз уақыты
Оразаkk

ЖАС БАЛАЛАРҒА ОРАЗА ҰСТАУ МІНДЕТ ПЕ?

Shejire Editorial

ЖауапEditorialShejire Editorial

Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

رُفِع القَلمُ عن ثلاثةٍ: عن النَّائمِ حتَّى يستيقظَ، وعن الصَّبي حتَّى يحتلِمَ، وعن المجنونِ حتَّى يَعقِلَ

«Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан» [1] .

Алайда балаларды құлшылыққа баулу мақсатында ораза ұстатқызу – мұстахап. Хадисте: «Біз балаларымызға ораза ұстатқызып, оларға жүннен ойыншық жасап қоятынбыз. Егер біреуі тамақ сұрап жыласа, ауыз ашар уақыты келгенше (ермек қылып отырсын деп) сол ойыншықты беретінбіз» [2] делінеді.

«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан

  • [1] Термизи, №1423. Нәсәи, №7346. Ахмад, №956.

  • [2] Бұхари, №1960. Муслим, №1136.

Мұндағы жауаптарды қолданушылар жазады, олар ресми пәтуа емес. Міндетті үкім қажет болса, өкілетті дін қызметкеріне немесе мүфтиятқа жүгініңіз.

👍 0👎 0💬 0👁 0
Бөлісу:

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ.