Намаз уақыты
Оразаkk

ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Shejire Editorial

ЖауапEditorialShejire Editorial

Қадір түні мына төмендегі нәрселерді орындау мустахаб болады:

  • Намаз оқу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَن قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إيمَانًا واحْتِسَابًا، غُفِرَ له ما تَقَدَّمَ مِن ذَنْبِهِ

«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі» [1] , – дейді.

  • Дұға жасау. Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді:

اللهمَّ إنك عفوٌّ تُحبُّ العفوَ فاعفُ عنِّي

«Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айт» [2] .

Сонымен қатар, Құран оқу, Алланы зікір ету, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, садақа беру т.б. ізгі амалдарды істеген жақсы болады.

«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан

  • [1] Бухари, №1901.

  • [2] Термизи, №3513. Ибн Мәжә, №7712. Ахмад, 25384.

Мұндағы жауаптарды қолданушылар жазады, олар ресми пәтуа емес. Міндетті үкім қажет болса, өкілетті дін қызметкеріне немесе мүфтиятқа жүгініңіз.

👍 0👎 0💬 0👁 0
Бөлісу:

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ.